Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар мәселелерін ортаға салды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Онда Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы атағын беру, жер қатынастары, тұрғын үймен қамтамасыз ету, сот ісі мен құқықтық сипаттағы мәселелер көтерілді.
- Кездесу барысында аудан басшысы әрбір өтініш пен сұрақты мұқият тыңдап, мән-жайын анықтады. Тұрғындармен ашық пікір алмасып, мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Әр сұрақ бойынша жауапты бөлімдер мен тиісті мамандарға нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ ззаң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - делінген аудан әкімдігінің ақпаратында.
Пікірлер