A+ A A-

talgatzhan 24 7-08-2025, 12:15 0

Тарбағатай ауданында әкімдік отырысы өтті

Бүгін / Тарбағатай

6 тамызда аудан басшысы Дархан Жөргекбаевтың төрағалығымен кезекті әкімдік отырысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселе қаралды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Зәуре Қисамбинова 2025–2026 оқу жылына білім беру нысандарының дайындығы туралы ақпарат берді. Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мейрамбек Мұқатов қысқы мал азығына дайындық барысы жөнінде баяндама оқыды. 

Бұдан бөлек, көлік салығы бойынша 7 айдың қорытындысы және берешектерді өндіру, ауыл шаруашылығы санағы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Барлық мәселе бойынша нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынды.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив