A+ A A-

talgatzhan 26 5-08-2025, 20:30 0

Тарбағатай ауданында мектептер жөндеуден өтуде

Бүгін / Тарбағатай

5 тамызда аудан әкімі Дархан Жөргекбаев Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын арнайы барып көрді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аталған жұмыстар облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасы негізінде қолға алынды. Қазіргі таңда жылу жүйесі жаңартылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сапар барысында аудан басшысы жылу жүйесін жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеменің өкілдерімен кездесіп, атқарылып жатқан істің барысын бақылап, бірқатар мәселе бойынша пікір алмасты.

Мектептің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив