A+ A A-

talgatzhan 22 3-08-2025, 16:30 0

Тарбағатай ауданың әкімі іс-сапармен Жаңаауылға барды

Бүгін / Тарбағатай

Аудан басшысы Дархан Жөргекбаев жұмыс сапарымен Жаңаауыл ауылдық округіне барып, жүзеге асып жатқан маңызды жобалардың барысымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қазір "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясында салынып жатқан қос пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. 

Ауызсу мәселесі де назардан тыс қалмады. Аудан әкімі мердігер компания өкілімен кездесіп, жобаның орындалу барысын талқылады. Су қоймасының құрылысымен танысып, нақты тапсырмалар берді. Биыл Жаңаауылда ауыз су мәселесі толық шешіледі, - делінген әкімдік ақпаратында. 

Бұдан бөлек, жақында орташа жөндеу жұмыстары аяқталған әкімшілік ғимаратына да арнайы барды. 

"Қарлығаш" балабақшасына жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстары да бақылауда. Нысанды аралау барысында аудан басшысы бірқатар техникалық ескерту жасап, кемшіліктерді жоюды тапсырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив