Аудан әкімдігінің ақпаратынша, Ақжар – Шілікті бағытындағы 78-93 шақырым аралығындағы жолға асфальт төсеу жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, орташа жөндеу жұмыстарын «ОблШығысЖол» компаниясы жүргізді.
- Бұл – шекара шебінде орналасқан Жаңаауыл ауылдық округінің халқы үшін баға жетпес қуаныш. Бұған дейін аудан орталығына шаңды, тас жолмен қатынап жүрген тұрғындар енді тегіс әрі қауіпсіз жолмен еркін жүре алады, - делінген ресми мәліметте.
Аудан әкімі Дархан Жөргекбаев аталған жолдың ашылу салтанатына арнайы қатысып, бұл жолдың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын атап өтті.
Ал Маңырақ және Жаңаауыл ауылдарының тұрғындары жолдың түйіскен тұсында дәстүр бойынша шашу шашып, ақжолтай жаңалықты ерекше көңіл-күймен қарсы алды.
Пікірлер