A+ A A-

talgatzhan 21 30-07-2025, 14:58 0

Тарбағатай ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде

Бүгін / Тарбағатай

30 шілдеде аудан әкімі Дархан Жөргекбаев аудан орталығында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, нысандарды аралап қайтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жергілікті бюджет есебінен бөлінген 138 млн теңге қаражатқа Абай көшесі мен атауы жоқ көшеге асфальт төселуде.

- Аудан басшысы мердігер компания өкілдерімен кездесіп, нақты тапсырмалар жүктеді. Асфальт төсеу жұмыстары белгіленген кесте бойынша қарқынды жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Дархан Жөргекбаев Құнафиянов көшесінің бойында орналасқан мекемелердің алдын абаттандыру жұмыстарын көрді. Асфальт төселіп, тегістелген мекеме алдындағы көшенің ойпаң жерлерін кәсіпкер Қайрат Қожахметов демеушілік есебінен жөндейтін болды, - делінген ресми ақпаратта. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив