A+ A A-

talgatzhan 23 25-07-2025, 15:18 0

Тарбағатай ауданында МӘМС жүйесіне қатысты жиын өтті

Бүгін / Тарбағатай

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ержан Советбекұлының төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне халықты толық тарту, сақтандырылмаған азаматтардың үлесін азайту және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау мақсатында жиналыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жиынға мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік сала қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері және жауапты органдардың өкілдері қатысты.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ШҚО филиалы халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Салтанат Адамова МӘМС жүйесі туралы ақпарат беріп, жүргізіліп жатқан шаралармен таныстырды.

Сонымен қатар Тарбағатай аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Гүлжанар Қожарханқызы МӘМС жүйесі аясында аудан тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі және сақтандырылмаған азаматтармен атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. 

Тарбағатай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Анкабаева Жанат МӘМС жүйесіне жарналардың түсуі және түсіндіру жұмыстары жөнінде, ал «Шығыс Қазақстан облысы Еңбек мобильділігі орталығы» Тарбағатай ауданының мансап орталығы» филиалы директоры Ербол Жәнібеков жұмыспен қамту арқылы сақтандырылмаған азаматтарды жүйеге тарту және әлеуметтік қолдау шаралары туралы баяндама жасады.

Жиын барысында нақты ұсыныстар тыңдалып, алдағы жоспар айқындалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив