Аудан әкімдігінің мәліметіше, Зайсан көлінің жағалауына демалу үшін келетін тұрғындар мен қонақтарға ыңғайлы, таза әрі заманауи инфрақұрылымы бар демалыс орнын ашу үшін нақты жұмыстар басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімінің орынбасарлары Марат Ниғметоллаұлы мен Талант Бақытбекұлы арнайы демеуші мердігер компания өкілдерімен кездесті. Онда Зайсан көлінің жағалауын абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу мәселесі талқыланды. Бұл жұмыс меморандум аясында жүзеге аспақ.
- Жиында Зайсан жағалауын абаттандыру, заманауи демалыс орындарын қалыптастыру, тұрғындар мен қонақтарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жоспарлар нақтыланды. Жобалау жұмыстарының кезең-кезеңімен қалай жүргізілетіні пысықталды, - делінген әкімдік ақпаратында.
Абаттандыру жұмыстары толық аяқталған соң Зайсан көлінің жағасында жаңа демалыс орындары ашылады деп күтілуде.
Пікірлер