Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасарлары Марат Ниғметоллаұлы мен Талант Бақытбекұлы жұмыс сапарымен Сарыөлең ауылына барып, 50 оқушыға арналған жаңа білім ордасының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мектеп құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
- Мердігер ұйым өкілдері нысанды белгіленген мерзімде сапалы түрде аяқтауға уәде берді. Бұл – ауыл балаларының жайлы әрі заманауи білім ордасында оқуы үшін жасалып жатқан нақты қадам, - делінген ресми ақпаратта.
Сонымен қатар «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында бірқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Аудан басшылары жұмыстың сапасына, мерзіміне, құрылыс материалдарына ерекше мән беріп, нақты тапсырмалар берді.
Пікірлер