A+ A A-

talgatzhan 29 13-07-2025, 16:00 0

Тұғыл ауылдық ауруханасында күрделі жөндеуден өтуде

Бүгін / Тарбағатай

Тарбағатай ауданындағы маңызды әлеуметтік нысандардың бірі — Тұғыл ауылдық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аудан әкімінің орынбасары Талант Бақытбекұлы арнайы барып, жағдаймен танысып, ауылдық округ әкіміне нақты тапсырмалар берді. 

- Мердігер компания жұмысты жандандырып, құрылыс материалдары мен жұмыс күші толықтырылды. Жөндеу сапасын бақылау мақсатында арнайы комиссия құрылып, нысандағы әрбір жұмыс кезеңі аудан әкімдігі тарапынан қатаң бақылауға алынды. Мердігер ұйым басшысына да тиісті ескертулер жасалып, құрылыс барысынан қорытынды шығарылды, - делінді әкімдік ақпаратында.

Жақын арада тұрғындар жаңартылған, заманауи талаптарға сай ауруханада ем қабылдайды деп күтілуде. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив