A+ A A-

talgatzhan 21 9-07-2025, 16:09 0

Тарбағатай ауданында “Үздік көше” байқауы өтеді

Бүгін / Тарбағатай

Бұл туралы бүгін Тарбағатай ауданының әкімдігінде өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Талант Бақытбекұлы мен аудан әкімі аппаратының басшысы Ермек Төлеуханұлы қатысты.

Күн тәртібінде "Таза Қазақстан" жобасы аясындағы ауыл тазалығы, алдағы қыс маусымына дайындық пен төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары қаралды.

Жиын барысында ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, атқарылар жұмыстардың бағыт-бағдары белгіленді.

Тазалықты арттырып, ауылдың көркейуіне үлес қосу мақсатында «Үздік мекеме», «Үздік аула» және «Үздік көше» арнайы байқаулары жарияланды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив