A+ A A-

talgatzhan 23 25-06-2025, 16:49 0

Тарбағатай ауданының әкімі Ақжар ауылының тұрғындарымен кездесті

Бүгін / Тарбағатай

Аудан басшысы Дархан Жөргекбаев Ақжар ауылдық округінің халқымен кездесіп, 2024 жылы және 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Кездесу барысында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты нақты көрсеткіштер мен жүзеге асқан жобалар жайында кеңінен ақпарат берілді.

Атап айтқанда, ауылішілік жолдарды жөндеу, ауызсу жүйелерін жаңарту, мал шаруашылығын дамыту, мектептер мен медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар. 

Сонымен қатар ол алдағы уақытта жүзеге асырылатын негізгі жоспарлармен бөлісті. Ауыл инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үй салу, жастарды қолдау және кәсіпкерлікті өркендету сынды мәселелер күн тәртібінде тұр.

Әкім ауыл тұрғындарын шағын және орта кәсіпкерлікпен белсенді айналысуға шақырып, мемлекет тарапынан көрсетілетін бағдарламалар мен жеңілдіктер туралы кеңінен түсіндірді.

Жергілікті тұрғындар көкейлеріндегі өзекті сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Әкім әрбір мәселені жеке назарға алып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілетінін айтты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив