A+ A A-

talgatzhan 33 15-08-2025, 17:35 0

Биыл 7500 шаруа жеңілдетілген бағдарламамен несие алды

Бүгін / Республика

Оларға 5%-тік мөлшерлемемен 490 млрд теңге қарыз берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл қаражат шаруаларға 7,8 млн гектар егістік алқабында жұмыс жүргізуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ "Даму" қорының қарыздарға кепілдік беру бағдарламасы фермерлерге қолдау болып отыр. Қор кепілдік базасы жеткіліксіз фермерлердің несие сомасының 85%-іне дейін жабады. Осы бағдарламамен 226 млрд теңгеге кепілдік берілді.

Айта кетейік, биыл егіс және орақ науқандарын жүргізуге жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін жетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив