Аудан басшысы Дархан Жөргекбаев денсаулық пен сергектікті, достық пен бірлікті дәріптейтін айтулы мерекесі Спорт күнімен құттықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Спорт – салауатты өмір салтының негізі ғана емес, ол жігер мен төзімділіктің, табандылық пен ерік-жігердің мектебі. Спорт арқылы ұлттың рухы биіктеп, елдің болашағы мықты болады. Ауданымызда спортты дамытуға, бұқаралық спортпен айналысуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл бағыттағы жетістіктер – жаттықтырушылардың еңбегі мен спортшылардың табандылығының жемісі. Баршаңызға мықты денсаулық, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілеймін! Әр күніңіз спортпен, сергектікпен және жақсы көңіл-күймен өрілсін, - деді аудан әкімі.
Пікірлер