A+ A A-

talgatzhan 21 17-08-2025, 12:05 0

Тарбағатай ауданының спортшылары ХХІІІ Халықтық спорт ойындарына қатысты

Бүгін / Тарбағатай

11-16 тамыз күндері Өскеменде спорттың 22 түрінен облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен ХХІІІ Халықтық спорт ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тарбағатай ауданынан 150 спортшы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Олар аламан бәйге (25 шақырым), топ бәйге (25 шақырым), асық ату, қол күрес, гир көтеру, волейбол (ерлер), волейболдан (әйелдер) бірінші орын, құнан бәйгеден екінші орын, үстел теннисі, шахмат, дойбы, теңге алу, жамбы атудан үшінші орын, арқан тарту, садақ атудан төртінші орын, көкпардан бесінші орын, ал қазақ күресінен алтыншы орын алды. Жалпы командалық есепте Өскеменнен кейінгі екінші орынды, ал аудандар арасында бірінші орынды жеңіп алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив