Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ержан Советбекұлы Тұғыл ауылында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аурухана ғимаратына барып, құрылыс барысын қадағалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Бақылау барысында жөндеу жұмыстарының сапасы мен орындалу деңгейі егжей-тегжейлі қаралды. Мердігер мекемеге нақты тапсырмалар беріліп, жұмыстың уақытылы әрі сапалы аяқталуы қатаң бақылауда болатыны айтылды, - делінген ресми мәліметте.
Пікірлер