Маңырақ ауылында елдің ардақты азаматы, қаламгер, қоғам қайраткері, жазушы, ғалым, философия ғылымдарының докторы Ақыш Нұрдәулет Бәбиханұлының 75 жылдық мерейтойына арналған рухани кездесу кеші өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі Дархан Шомпайұлы құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой иесіне құрмет ретінде шапан жауып, аудан атынан сый-сияпат табыс етті.
Кездесу барысында қаламгер өз өмір жолы, балалық шағы, шығармашылықтағы ізденістері мен еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа арнаған өнегелі ой-пікірлерін жеткізді.
Шара аясында аудандық кітапхана тарапынан жазушының шығармашылығына арналған кітап көрмесі, мерзімді басылымдардағы мақалалары мен естелік суреттерінен фотокөрме ұйымдастырылды.
Кеш соңында ауылдастары, әріптестері мен кейінгі буын өкілдері жүрекжарды тілектерін білдіріп, естелік суреттерге түсіп, мерейтой иесіне құрмет көрсетті.
Пікірлер