Бұл туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар ! Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – білімнің, ізденістің және жаңа бастамалардың мерекесі. Жаңа оқу жылы шәкірттерімізге тың серпін, ұстаздарымызға шығармашылық табыс, ата-аналарға қуаныш әкелсін. Білім – еліміздің ең қымбат қазынасы, ал оны дәріптеу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Оқушыларымыз алға қойған арман-мақсаттарына жетіп, еліміздің жарқын болашағының сенімді тірегі боларына сенім мол. Ұстаздар қауымына қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіремін. Жаңа оқу жылы толағай табыстарға толы болып, баршаңызға зор денсаулық, игілік пен сәттілік әкелсін, - деді Дархан Жөргекбаев.
Пікірлер