Ауданда ел бірлігі мен мемлекеттіліктің берік іргетасы – Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиын барысында ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалып, аудан әкімі Дархан Жөргекбаев мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматты марапаттады. “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында “Үздік ауыл”, “Үздік мекеме”, “Үздік көше”, “Үздік аула” номинацияларының жеңімпаздары марапатталды.
Конституция күніне орай 16 жасқа толған жасөспірімдерге алғашқы жеке куәліктері салтанатты түрде табысталды. Бұл – олардың ересек өмірге қадам басуының, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуының айрықша сәті.
Пікірлер