Тарбағатай аудандық ауруханасында травматологиялық бөлім ашылғанына небәрі бір ай ғана болса да, жергілікті дәрігерлер күрделі оталарды сәтті орындап жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткен аптада ауыл тұрғынына алғаш рет аудан деңгейінде Гамма шегесі арқылы остеосинтез жасалды. Бұған дейін мұндай ем түрі тек ірі қалалық клиникаларда ғана қолжетімді болатын. Қазір науқастың жағдайы жақсы, өздігінен қозғала бастады.
Сол күні тағы бір науқасқа Вебер-Мюллер әдісі бойынша ота жасалып, қол сүйегі қалпына келтірілді.
Барлық операция Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен тегін жасалды.
Пікірлер