Шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзахан Шакенұлы Шакенов, билер алқасының төрағасы Қалимажан Төлеген Әбілғазыұлы, аудан прокуратурасының аға прокуроры Әділет Заманбекұлы Чәріпбек, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Еркебұлан Қажымбекұлы Ақтанов, ауыл тұрғындары, салық мекемесі мен түрлі сала өкілдері қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Дөңгелек үстелде “Конституция – мемлекет пен қоғам тұрақтылығының кепілі”, “Азамат пен заң: сенім қай кезде орнайды?”, “Заң алдындағы жауапкершілік – әділетті қоғамның негізі”, “Мемлекет, қоғам және азамат арасындағы өзара сенімнің маңызы”
тақырыптары талқыланып, құқықтық пікір алмасу өтті.
Сонымен қатар “30 жылға – 30 сұрақ” айдарымен Конституция, тарих, нақыл сөздер мен атаулы күндерге байланысты викториналық сұрақтар қойылды.
Жиын барысында айтылған ойлар қоғамдағы сенім мен жауапкершіліктің маңызын тағы бір айқындады.
Пікірлер