A+ A A-

talgatzhan 30 26-08-2025, 11:50 0

Тарбағатай ауданында тамыз конференциясы өтті

Бүгін / Тарбағатай

26 тамызда Тарбағатай ауданында дәстүрлі аудандық тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Конференцияға аудан әкімі Дархан Шомпайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Өмірхан Әйкенұлы, білім бөлімінің басшысы Самал Нағызханқызы, ардагер ұстаздар, мектеп және балабақша басшылары, пән бірлестік жетекшілері, жас мамандар қатысты.

Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында өз ісіне адалдықпен қарап, кәсіби біліктілігін көрсеткен білім саласы қызметкерлері аудан әкімінің арнайы құттықтауымен марапатталды.

Конференция барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Самал Нағызханқызы, аудан әкімі Дархан Шомпайұлы, білім бөлімінің әдіскері Гемиңлай Ақжол және білім беру ұйымдарының өкілдері сөз алып, білім саласының өзекті мәселелері мен алдағы міндеттер жөнінде баяндама жасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив