«AMANAT» партиясының бастамасымен тұрақты түрде жүргізіліп келе жатқан «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы Күршім ауданында жалғасын тапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шара аясында аудан орталығының басты көшелерінің бірі қоқыстан тазартылып, абаттандырылды.
Акцияға аудан жастары, партия белсенділері мен жергілікті тұрғындар қатысып, көшелердің сәнін келтіріп, қоғамдық орындардың тазалығына атсалысты.
«AMANAT» партиясының Күршім аудандық филиалының төрағасы Досым Жұмағалиев бұл шараның маңыздылығына тоқталды:
– «Таза бейсенбі» акциясы – тек қоқыс жинау емес, ол адамдардың санасына табиғатты аялау, туған жерді қорғау сезімін сіңіру. Біз аудан тұрғындарымен бірлесіп, орталық көшелерді абаттандырдық. Мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты жалғасын табады, – деді ол.
«AMANAT» партиясы қолға алған «Таза бейсенбі» экологиялық жобасы бүгінде облыс көлемінде кеңінен қолдау тауып, жергілікті тұрғындардың табиғатты қорғау мәдениетін арттыруға ықпал етуде.
– Біздің ауылымыздың таза, әдемі болғаны бәрімізге ортақ қуаныш. Осындай іс-шараға қатысу арқылы балаларымызға үлгі көрсетеміз. Таза орта – салауатты өмірдің кепілі, – деді ауыл тұрғыны Татьяна Пересыпкина.
Пікірлер