17 тамызда Алтайдан Өскеменге жолға шыққан азаматты бір айдан астам уақыт іздеп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Туыстарының айтуынша, 1977 жылы туған Алтай қаласының тұрғыны 18 тамыздан бері хабарға шықпаған. ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның жақындары полицияға хабарласпаған. Бірақ полицейлер із-түзсіз жоғалған тұрғын туралы әлеуметтік желіден білген. Аталған жағдай тіркеліп, іздестіру шаралары жүруде.
Андрейдің қайда екені туралы білетіндер болса, 8-705-318-01-60 (Андрей Барановтың анасы) немесе 102 арнасына хабарласуын сұрайды.
Пікірлер