Қала тұрғыны бейтаныс ер адамның техникалық қызмет көрсету орталығы аумағында тұрған «Lexus» маркалы автокөлігін заңсыз айдап кеткені туралы полицияға арыз түсірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Келтірілген шығын көлемі 7 500 000 теңгені құрады.
ШҚО Полиция департаменті Жедел басқару орталығының кезекші инспекторлары мен патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріні бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті тез арада қолға түсірді.
Анықталғандай, 31 жастағы техникалық қызмет көрсету орталығының механигі бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Аталған факті бойынша «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Пікірлер