A+ A A-

talgatzhan 28 Бүгін, 15:35 0

Еркін күрестен әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы екі медальмен аяқтады

Бүгін / Республика / Спорт

Күрес түрлерінен Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында еркін күрес жарыстары аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық балуандар финалға шыға алмады. 

Нұрқожа Қайпанов (70 келіге дейін) алтынға бір қадам жетпей қалды. Ол жартылай финалда моңғолиялық Тулга Тумур Очирға есе жіберді. Алайда Нұрқожа үшінші орын үшін өткен белдесуде молдовалық Василий Дьяконды жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді. 

Тағы бір балуанымыз Асылжан Есенгелді де (61 келіге дейін) үшінші орынды қанағат тұтты. Отандасымыз қола жүлде үшін өткен кездесуде америкалық Джексон Форресті қапы қалдырды. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын екі қола медальмен аяқтады. Ал Камиль Қуруглиев (92 келіге дейін) бесінші орынға тұрақтады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив