A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:45 0

Өскеменде құрылыс компаниясының иелері 1,8 млрд теңгеден астам қаржы жымқырған

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

11 тамызда Өскемен қаласының №2 соты «Royal Finance Group» ЖШС құрылтайшысы мен директорына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қалалық прокуратураның ресми мәліметінше, олар қажетті рұқсат құжаттарынсыз тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзып, азаматтармен «Emeralds» тұрғын үй кешенінде жалған пәтерді брондау шарттарын жасаған.

103 адамның 1,8 млрд теңгеден астам қаржысы жымқырылып, жобаның құрылысы аяқталмаған.

Уалиев пен Халиковтің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 195-бабының 5-бөлігімен сараланады. Сот Уалиевті жеті жылға, Халиковті алты жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, 10 жылға құрылыс саласында жұмыс істеуге тыйым салды.

Жәбірленушілердің талаптары қанағаттандырылып, сотталғандардың 2 млрд теңгеден астам мүлкіне тәркілеу қалдырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив