A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 17:15 0

Бүгін футболдан Бірінші лигада ХХІІ тур ойындары өтеді

Бүгін / Республика / Спорт

Аталған тур ойындары 18-19 қыркүйек күндеріне белгіленген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін, 18 қыркүйекте «Ақтөбе-2» мен «Тараз», «Екібастұз» (Павлодар облысы) бен «Каспий» (Ақтау), «Хан тәңірі» (Алматы) мен «SD Family» (Астана), AKAS (Алматы) пен «Алтай» (Өскемен) шеберлік байқасады.

Ал 19 қыркүйекте «Қайрат-2» (Алматы) мен «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісай» (Түркістан облысы), «Ертіс» (Павлодар) пен «Түркістан» ойнайды.

Турнир кестесінде алғашқы үш орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысу үшін тікелей жолдамаға қол жеткізеді.

Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.

Жиырма бір турдан кейін «Каспий», «Ертіс», «Шахтер», «Алтай» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив