A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 10:20 0

Өскеменде 51 қылмыскер іздестірілуде

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

Ресми ақпаратқа сүйенсек, бүгінде тәртіп сақшылары қала бойынша 147 адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның ішінде қылмыстық жауапкершіліктен бой тасалап жүрген 51, із-түзсіз жоғалған 33, соттан жасырынған 20, қарызы мен алимент төлемей жүрген 30 азамат пен тұлғасы анықталмаған 13 мәйіт бар. 
Қала прокуратурасы іздестіру шараларының жеткіліксіз екенін атап өтті. Тиісті органдарға бұл бағыттағы жұмысты жандандырып, нақты нәтижелерге қол жеткізу тапсырылды.
Сонымен қатар кейбір жеке сот орындаушыларының борышкерлерді тексермей, іздеуге беріп жіберу фактілері анықталды.
Прокуратура полиция мен сот орындаушыларынан жұмыс тәсілдерін қайта қарап, бақылауды күшейтуді және нақты нәтиже көрсетуді талап етті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив