A+ A A-

talgatzhan 31 22-09-2025, 16:05 0

Өскеменде есірткі сатқан екі адам ұсталды

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

Тәртіп сақшыларына облыс орталығындағы Понтон көпірінің маңында «есірткі тарату орындарын» қарап жүрген күдікті бойжеткен туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы қызметінің қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен, 28 жастағы әйел мен 26 жастағы ер адамды психотроптық заттарды таратқан күдікті ретінде ұстады.

- Олардан ұнтақ тәріздес 30 орама тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат жалпы салмағы 29,91 грамм α–PVP психотроптық заты болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, ұсталғандар мамыр айынан бастап тұрақты түрде Өскеменге «жасырынған заттарды» алу үшін келіп отырған. Кейін олар оны Алтай қаласына жеткізіп, «жасырып қойып кету» тәсілі арқылы таратқан. Барлық әрекет мессенджер арқылы белгісіз куратормен жүзеге асырылып отырған, - делінген 

ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында. 

Аталған факті бойынша «Есірткі заттарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу немесе жіберу» бабына сәйкес тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив