Күршім аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша Маралды ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, шешім шығарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиға 29 тамызда Маралды ауылында болған. Ер адам кәсіпорындағы өзге қызметкерлердің көзінше қауіпсіздік қызметінің бастығына балағат сөздер айтып, қорлаған. Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындады. Жәбірленуші де өз тарапына әдепсіз сөзердің айтылғанын растады.
Сот дәлелдемелерді, куәгерлердің айғақтарын, полиция хаттамасын, бейнежазбаны және ер адамның бұрын жауапқа тартылғанын ескерді. Нәтижесінде оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.
Пікірлер