A+ A A-

talgatzhan 22 12-09-2025, 16:00 0

Тарбағатай ауданында көшелер тексерілді

Бүгін / Тарбағатай

Аудан әкімінің тапсырмасымен Ақжар ауылының Жамбыл және Байжігіт көшелерінде қоршаулары заңсыз шыққан тұрғын үйлерді анықтау мақсатында тексеру жүргізілді., деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бастаманы ауыл әкімдігінің жанында құрылған комиссия жүргізді. Нәтижесінде 4 тұрғын үй анықталып, иелеріне 30 күннің ішінде қоршауды заңды шекарасына апару туралы ескерту парағы берілді.

Бұдан бөлек, бұған дейінгі тексеру нәтижесінде анықталған қоршаулары шыққан тұрғын үйлер қазіргі уақытта заңды шекарасына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Қоршаулар жылжымаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 136 бабына сәйкес 75 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив