12 қыркүйек Өскеменде “Мерейлі отбасы” байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов үздік деп танылған отбасыларды марапаттады. Олардың қатарында Тұғыл ауылында тұратын Чуленовтер әулеті бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Чуленовтер отбасы Тарбағатай ауданына қарасты Тұғыл ауылынан шыққан.
- Ата кәсібі - балықшылықты ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан үлгілі отбасы. Атасы Қабдрасұл Ұлы Отан соғысына қатысып, бейбіт өмірде 43 жыл бойы балықшы болып адал еңбек етті. Әкесі Қабдылманап та осы кәсіпті жалғастырып, бүгінде зейнеткер. Отағасы Данияр Қабдылманапұлы ата кәсібін әрі қарай өркендетіп, балық шаруашылығын дамытуға үлесін қосып келеді. Отанасы Алуа Ерболатқызы 14 жыл бойы әлеуметтік қызметкер ретінде еңбек етіп, қоғамға қосқан үлесі үшін марапатқа ие болған абзал жан. Бұл отбасы – төрт өнерлі де білімді бала тәрбиелеп отырған, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, ауылдың қоғамдық өміріне белсене атсалысып жүрген өнегелі әулет, - делінген аудан әкімдігінің ақпаратында.
Пікірлер