A+ A A-

talgatzhan 21 13-09-2025, 10:15 0

Тарбағатай ауданында мәслихаттың кезекті отырысы өтті

Бүгін / Тарбағатай

12 қыркүйекте аудандық мәслихаттың 31-сессиясының отырысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан басшысы Дархан Жөргекбаев 2022-2025 жылдар аралығында жүктелген міндеттердің атқарылуы туралы баяндама жасап, 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштеріне тоқталды.

- Ауданда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында айтылған міндеттерді жүзеге асыру жолында жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде. Бюджет кірісі 2022 жылы 600 млн теңге шамасында болған, жыл соңына дейін 2,2 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Әлеуметтік, денсаулық сақтау, білім, мәдениет пен спорт саласында ілгерілушілік бар, - деді аудан әкімі. 

Белгілі болғандай, 2022–2025 жылдар аралығында Маңырақ, Сарыөлең, Құйған, Тәуке ауылдарындағы медициналық пункттер күрделі жөндеуден өтті. "Ауылдық медицинаны қайта жаңғырту ұлттық жобасы" аясында 9 ауылға жаңа медпунктер салынып, пайдалануға берілді. Аудандық аурухана ғимаратының су, кәріз және жылу жүйесі толықтай жаңартылды. Перзентхана бөлімі күрделі жөндеуден өтіп, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды. Қазір 2 деңгейге өтуге дайындық жүргізілуде. Соңғы жылдары аудандық перзентханада босануға шешім қабылдап, дәрігерлерге сенім артқан аналардың артып келеді. 2024 жылы 140 ана, 2025 жылдың 9 айында 115 ана аудандық ауруханада босанды. Биыл Тұғыл ауылдық дәрігерлік амбулаториясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, 2023–2024 жылдары Шеңгелді ауылында 100 орындық, Шолақорда ауылында 50 орындық, Тәуке ауылында 80 орындық жаңа мектептер пайдалануға берілді. 2023 жылы Абай атындағы орта мектебі Парламент депутатты Ерлан Саировтың қолдауымен "Қазақстан халқына" қоры арқылы базасында толықтай материалдық техникалық базасы жаңартылды. 2025 жылы Сарыөлең ауылында 50 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Маңырақ, Жаңаауыл, Жалаңаш, Қамысты ауылдарының мектептеріне, Ақжар ауылындағы «Балауса-Балғын» және Тұғыл ауылындағы «Жасұлан» балабақшасына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Тұғыл ауылында спорттық дене-шынықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ақжар ауылында да жаңа спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Ақжар ауылының орталық стадионы қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілді.Маңырақ ауылында кәсіпкер Бауыржан Қожахметов өз қаражатына ауылына спорттық модулін салып, халық игілігіне берді. Тұғыл ауылындағы стадионда 400 метр жүгіру жолағының құрылысы жүргізілуде.

Аудан әкімдігінің ақпаратынша, «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 2022 жылы 28 баспана, 2023 жылы 27 баспана, 2024 жылы 62 баспана, 2025 жылы 20 баспананың құрылысы жүргізілуде.

•Аудандағы 28 елді мекен толықтай ауыз сумен қамтамасыз етілді. Биыл Құйған мен Жаңаауыл ауылдарының су құбыры желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталады. Шорға, Асусай ауылдарында да қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Абаттандыру бойынша 2023 жылы 25 жоба, 2024 жылы 57 жоба жүзеге асырылды.

Биыл Ақжар ауылындағы Жамбыл көшесіндегі "Ақжар парк" аллеясы, "Бәйтерек" аллеясы абаттандырылып, халық игілігіне берілді.

Бірнеше саябақ пен ескерткіш алаңдарына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

- Білім мен мәдениет, спорт пен өнер  саласын дамытуға бөлінген қаражаттар мақсатты жұмсалды. Түрлі олимпиадалардан жоғары көрсеткішке жеткен оқушылар, мәдениет майталмандары, спорт саңлақтары ауданымыздың намысын облыс және республика көлемінде абыроймен қорғады. Тарбағатай спортшылары облыстағы барлық аудан арасында 1 орынға ие болды. Өнерпаздарымыз "Туған жер-алтын бесігім" өнер жобасында екінші жыл қатарынан бас жүлде мен 1 орынды қанжығалады, - деді Дархан Жөргекбаев.

2023-2025 жылдар аралығында облыстық маңызы бар 60 шақырым жол, аудандық маңызы бар 55 шақырым жол жөнделді. Сонымен қатар Ақжар, Тұғыл, Маңырақ, Бозша, Қабанбай, Жетіарал, Жаңалық ауылдарының бірнеше ішкі көшесіне асфальт төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биыл Ақжар ауылындағы Абай, Жамбыл  және басқа да көшелерге орташа жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар Қабанбай, Тұғыл ауылдарында да көшелер жөнделуде. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады.

- Алдағы уақытқа арналған ірі жобаларға Президент тапсырмасымен Зайсан-Тарбағатай арасындағы Сәтпай ауылында әуежай салу, Зайсан көліне су жолы порты және Майқапшағай – Тұғыл теміржолын салу, «Қызылқайың» кен орны іске қосылса, 1500 адам тұрақты жұмыспен қамту жатады. Бұл жобалар жүзеге асқанда Тарбағатай ауданы тек шекарадағы түкпір аудан емес, тоғыз жолдың торабындағы, логистикасы дамыған, қарқынды дамушы орталыққа айналады деп сенеміз. Яғни ауданымыздың даму қарқыны Мемлекет басшысы белгілеп берген стратегиялық бағытпен толық үндесіп отыр. Алдағы уақытта да осы бастамаларды жергілікті деңгейде сапалы іске асырып, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бар күшімізді саламыз, - деді аудан әкімі. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив