Ауданда Отбасы күніне орай аудандық зияткерлік сайыс өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, жас ұрпаққа үлгі болатын бірлікті, сыйластықты насихаттау. Оған 6 команда қатысып, өзара бақ сынасты.
Аудан әкімінің орынбасары Ержан Советбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі. Әр отбасы өз өнерін, тапқырлығын көрсетіп, бір-біріне қолдау білдіру арқылы көрерменге өнеге бола білді.
Пікірлер