15 қыркүйекте аудан әкімінің орынбасары Талант Бақытбекұлының төрағалығымен 2025-2026 жылғы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланған штаб отырысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиынға ауылдық округ әкімдері мен мекемелердің басшылары қатысты.
Кездесу барысында жылыту маусымына дайындықтың қазіргі жағдайы жан-жақты қарастырылып, мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау мекемелері мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын уақытылы әрі сапалы дайындау мәселелері талқыланды.
Ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдап, жұмыстардың қарқынын арттыру тапсырылды.
Пікірлер