A+ A A-

talgatzhan 0 16-09-2025, 17:09 0

Тарбағатай ауданында үздік қызметкерлер марапатталды

Бүгін / Тарбағатай

Ауданда Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің күні аталып өтті. Бұл – халық денсаулығын қорғау жолында аянбай тер төгіп жүрген жандарға деген құрметтің белгісі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сала ардагерлеріне ерекше ілтипат көрсетіліп, көп жылғы еңбектері еленіп, төсбелгілер табысталды. Ал қазір қызмет етіп жүрген мамандар аудан халқының денсаулығын қорғауға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Марат Қызов құттықтау сөз сөйлеп, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қоғамдағы рөлі зор екенін атап өтті.

- Бұл күн – тек кәсіби мереке ғана емес, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген әрбір маманға ризашылық білдірудің айқын көрінісі, - делінген аудан әкімдігінің ақпаратында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив