Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ермек Құрманғалиев мемлекеттік қызметшілермен "Мемлекеттік қызметшінің әдебі" тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, мінез-құлық мәдениеті және этикалық талаптарды сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Әдеп жөніндегі уәкіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызына, лудомания сияқты қоғамға кері әсерін тигізетін әлеуметтік мәселелерге де тоқталды.
Іс-шара соңында қатысушыларға "Мемлекеттік қызметшінің әдебі жөніндегі жаднама" таратылды.
Пікірлер