Онда аудандық ауруханаға қатысты әлеуметтік нысандарды 2025-2026 жылғы қыс маусымына дайындау жұмыстарының барысы талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Елжан Манарбекұлы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.
Депутаттар тарапынан ауылдық фельдшерлік пункттерден аудандық ауруханаға кейбір құрал-жабдықтардың алыну себебі сұралды.
- Аудандық ауруханада күнделікті күрделі оталар жасалып, жансақтау бөлімінде шұғыл ем-дом шаралары жүргізіледі. Жарық өшкен жағдайда аудандық ауруханадағы жансақтау және ота жасау бөлімдерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін дизельді генератор қажет. Бұрынғы генератор істен шыққандықтан, ауылдық фельдшерлік пункттерден 2 генератор алынып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Себебі ауылдық фельдшерлік пункттерде жансақтау және ота жасау бөлімдері жоқ болғандықтан пайдаланылмай тұр, - деді Елжан Манарбекұлы.
Сонымен қатар ауылдық жерлердегі фельдшерлік пункттердегі салқындатқыш құрылғыларда вакцина сияқты дәрілік заттар сақталмағандықтан, олар да пайдаланылмай тұрған. Осыған байланысты құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану үшін аудандық ауруханаға жеткізілген.
Бұл шешім медициналық жабдықтарды мақсатты әрі тиімді қолдануға, аудан тұрғындарының сапалы медициналық көмек алуына бағытталған.
Пікірлер