A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 14:00 0

Күршім ауданында 211 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

Бүгін / Күршім

Бұл туралы аудан әкімі Мейіржан Әлбеков мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қазір ауданда 22 білім ордасы, 2 балабақша, музыка мектебі, шығармашылық үйі және сауықтыру лагері жұмыс істейді. 
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100%-ды, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды біліммен қамту 98,1%-ды құрайды. Балабақша кезегінде 211 бүлдіршін тұр.
Аз қамтылған отбасылардан шыққан 1452 мектеп оқушысы тегін тамақпен қамтамасыз етілді, оның 944-і бастауыш сыныптарда білім алады. Бұдан бөлек, ауданда ерекше білім беру қажеттілігі бар 109 бала оқиды. 
- Биыл 79,2 мың теңгеге 7 пәндік кабинет сатып алынды. Мәселен, №5 Күршім орта мектебіне химия, биология, физика, Сарыөлең орта мектебіне биология, робототехника, Маралды орта мектебіне және Бірлік негізгі орта мектебіне роботехника кабинеттері алынды. Күршім ауылының білім ошақтарына, балалар шығармашылық үйіне бейнебақылау камералары орнатылып, жедел басқару орталығына қосылды, - деді аудан әкімі Мейіржан Әлбеков.
Айта кетейік, Бірлік ауылында оффтейк-келісімшарт шеңберінде 50 орынға арналған жаңа мектептің құрылысы аяқталды. 

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив