Аудан бойынша 21 ауылдың 20-сы таза ауызсумен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір Күршім ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту жобасы іске асырылуда. 2022 жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленген еді. Жобаның жалпы құны - 2 094 412 теңге.
- Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасып, 95 дана құдық орнатылды. Ал Барақ батыр ауылындағы су құбыры Республика күні қарсанында іске қосылды, деді Күршім ауданынң әкімі Мейіржан Әлбеков.
Биыл Үшбұлақ, Бірлік, Мульковое ауылдарында орналасқан блоктік-модульдік станцияларынан су құбырын кеңейтіп, қосымша құдықтар орнату үшін 27 000,0 мың теңге бағытталды.
Ұлжан СЕЙІТХАНОВА
Пікірлер