A+ A A-

talgatzhan 27 18-10-2024, 12:49 0

Ұлан ауданында қарттарды құттықтады

Бүгін / Ұлан

Аудан әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, жуықта Қарттар күніне орай қызықты мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлғалар қариялардың өмірлік тәжірибесі мен даналығын атап өту – өскелең ұрпақтың басты міндеті екенін атап өтті.
– Шара барысында талантты өнерпаздарымыз керемет концерттік бағдарлама ұсынды. Амангелді Уалиев Қасым Қайсенов кентінің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, Сарқыт Машибаева мемлекеттік қызмет ардагері, қоғам белсендісі, одан бөлек, көпбалалы ана Күләнда Қапкенова Алғыс хаттар табыс етілді, – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаты Ербол Абдыкалыков 120 зейнеткерге азық-түлік пакеттерін табыс етті. Бұл шара зейнеткерлерді қолдап, олардың қоғамға қосқан үлесі мен еңбегін бағалау мақсатында ұйымдастырылды. 

 
– Ардагерлерге қажетті азық-түліктен бөлек, шынайы құттықтаулар мен алғыстар да айтылды. Мұндай бастамалар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға, үлкендеріміздің үлесін бағалайтынымызды көрсетіп, құрметімізді білдіруге септігін тигізеді, – деді әкімдік өкілдері.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, ауданда 156 тыл ардагері мен 5607 зейнеткер бар. 
– Бұл – біздің қоғамның тірегі, рухани құндылықтарымыздың жалғастырушысы. 
Қарттарымыз – тарихымыз бен мәдениетіміздің мұрагерлері. Оларды құрметтеу – баршамыз үшін жауапкершілік. Қарттар күнімен баршаңызды құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен ұзақ ғұмыр тілеймін, – делінген ақпараттарда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив