Аудандық сотта осыған қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Белгілі болғандай, ауыл тұрғыны WhatsApp мессенджеріндегі топта аудандық аурухананың бас дәрігердің ар-намысына нұқсан келтіретін жалған мәлімет таратқан.
Зейнеткер өз кінәсін мойындамады, ал дәрігер соттан қатаң жаза тағайындауды сұрады.
- Сот әйелді ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оның зейнеткер екенін ескеріліп, айыппұл мөлшері 30 пайызға азайтылды, — делінген ресми ақпаратта.
Енді ауыл тұрғыны 495 432 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.
Пікірлер