Тарбағатайдың орталығы Ақжар ауылында тұрғын үй құрылысы мен жылу жүйесін жаңғыртуға бағытталған бірқатар ірі жоба қолға алынбақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Атап айтқанда, ауылда баспана мен жаңа орталық жылу қазандығы салу жоспарланып отыр. Құрылыс алдағы жаз айларында басталады. Бұл жөнінде аудан әкімі Дархан Жөргекбаев облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың өңірге жасаған жұмыс сапары барысында мәлімдеді.
Аудан басшысының айтуынша, қазіргі уақытта жобаларды іске асыру үшін қажетті қаржы көздері анықталып, құрылыс жұмыстарын атқаратын мердігер компания белгіленген. Салынатын жылу қазандығы ең алдымен аудан орталығындағы мектеп, балабақша, аурухана сынды әлеуметтік нысандарды, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар Ақжар ауылында заманауи тұрғын үйлер салу көзделіп отыр.
– Қазіргі уақытта бұл бағытта облыстық Құрылыс басқармасымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Жаңа тұрғын үйлер жас мамандарды баспанамен қамтып, ауылға білікті кадр тартуға мүмкіндік береді. Аталған үйлер де орталық жылу жүйесіне қосылады, – деді әкімдіктегілер.
Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ
Пікірлер