Облыс басшысы Нұрымбет Сақтағанов Тарбағатай ауданына жұмыс сапары барысында аудан орталығындағы өрт сөндіру бекетінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аймақ басшысы Ақжар ауылында орналасқан «Тарбағатай ауданының Төтенше жағдайлар бөліміне қарасты №15 өрт сөндіру бөліміне» барды. Аталған ғимарат 1985 жылы салынған және бүгінде бейімделген нысанда орналасқан. Өрт сөндіру бөлімінің жалпы аумағы 448 шаршы метрді құрайды.
Бүгінде бөлімшенің жеке құрамында 20 қызметкер еңбек етеді. Материалдық-техникалық базасына 3 қызметтік кабинет пен 1 гараж кіреді. Сапар барысында облыс басшысы нысанның жай-күйімен танысып, азаматтық қорғау саласындағы инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне назар аударды.
Айта кетейік, қазандық жүйесі электр қуатымен жұмыс істейді. Алайда нысанға қатысты бірқатар мәселе де бар. Ғимарат типтік емес, бұрынғы «Потребсоюз» гаражы ретінде пайдаланылған. Қазір ғимарат тозып тұр, шатырынан су ағады. Сонымен қатар, қолданыстағы арнайы өрт сөндіру техникасы гаражға толық сыймайды, сол себепті бір бөлігі ашық аулада тұр.
Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ
Пікірлер