ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінде Қызмет көрсету тобы құрылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Енді Мемлекеттік кірістер департаментіне 1414 нөмірі арқылы қоңырау шалып, Қызмет көрсету тобының үйге келуіне өтініш қалдыруға болады.
Сала мамандары салық декларациясын дайындауға және тапсыруға көмектеседі.
Мұндай қызмет түрін төмендегі тізімге жататын азаматтар пайдалана алады:
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар;
уақытша мүгедектікті тағайындауды қажет ететін аурулары бар;
80 жастан асқан;
байланыс жоқ шалғай елді мекендерде тұратын адамдар.
Қызмет көрсету тобы белгіленген кестеге сәйкес салық төлеушілердің үйлеріне әр сейсенбі және бейсенбі күндері барады.
Пікірлер