A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 12:45 0

Күршім ауданында Жастар комьюнити орталығы ашылады

Бүгін / ШҚО / Күршім

Бүгінде өңірде 14-35 жас аралығындағы 170 мыңнан астам жас тұрады, бұл облыс халқының шамамен төрттен бірін құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,7%-ды құрады. Өңірлік жұмыспен қамту жол картасы аясында жастар үшін 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. 3,6 мың жас маман тұрақты жұмысқа орналасты. 

NEET санатындағы жастардың саны 4,9%-дан 4,3%-ға дейін төмендеді.

Сондай-ақ облыста 14 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді, онда 124 маман қызмет атқарады. Былтыр Өскеменде Жастар комьюнити орталығы ашылды. 2026 жылы осындай орталықты Күршім ауданында ашу жоспарланып отыр. Жалпы өңірде 15 коворкинг-орталық және 10-нан астам жастар ұйымы белсенді жұмыс істейді.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледждерде жаңа мамандықтар ашылып, оларға 277 студент қабылданды. 5 мыңнан астам студент дуалды оқыту жүйесі бойынша білім алуда, ал 56 мамандық жұмыссыз жастар үшін қысқа мерзімді оқыту форматында қолжетімді.

Былтыр «Таза Қазақстан» акциясы аясында 191 іс-шараға 30 мыңға жуық жас қатысты. Олар 75 мыңнан астам ағаш отырғызды.

Бұдан бөлек, облыста елдің түкпір-түкпірі мен шетелден келген жастар үшін халықаралық және республикалық форумдар, слеттер мен лагерьлері өтті. 300-ден астам іс-шара жастардың құқықтық, қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив