Заманауи ғимарат «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынды.
Медицианлық пункттің құрылысы биыл мамыр айында басталған еді. Қазір мердігер «KAZPROFSTROY HOLDING» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын толығымен аяқтады. Нысан пайдалануға 100% дайын. Ғимарат сыртында көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Асусай ауылының 256 тұрғыны медициналық мекеменің ашылуын асыға күтуде. Енді олар екпенің барлық түрлерін аудандық емханаға бармай-ақ ала алады. Мекемеде 34 жылдық еңбек өтілі бар медбике жұмыс істейтін болады.
Айта кетейік, жыл соңына дейін облыста барлығы төрт медициналық пунктті қолданысқа беру жоспарланып отыр. Оның ішінде Тарбағатай ауданының Жамбыл, Байтоғас ауылдары мен Алтай ауданының Феклистовка ауылы бар.
Фотосурет: ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы
Пікірлер