7 ақпан сағат 11:00-де Алтай қаласындағы мұз айдынында мотоциклшілер арасында қала чемпионаты ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жарыс «Металлург» стадионында өтеді. Оның мақсаты - дене шынықтыру мен спортты насихаттау, мотоцикл жарысын дамыту, жастарды техникалық спорт түрлеріне және салауатты өмір салтына тарту. Спортшылардың ҚР Мотоцикл жүргізуді басқару жөніндегі федералды агенттігінің ережелеріне сәйкес жарамды құжаттары болуы керек.
Өтінімдер 28 қаңтардан 5 ақпанға дейін WhatsApp нөмірі арқылы қабылданады: 8-705-230-60-16.
Пікірлер