A+ A A-

talgatzhan 39 Кеше, 10:15 0

Күршім ауданында көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары басталып кетті

Бүгін / Күршім

Аудандағы елді мекендерді су басу қаупін сейілту үшін жолдардағы қарды күреу, арналардың аузын ашу, арықтарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Көктемгі су тасқынына дайындықтың ертеден қолға алынғаны дұрыс. Әсіресе су өткізгіш құбырларды қардан тазарту маңызды. Осы ретте, «ОблШығысЖол» ЖШС жұмысшылары «Күршім-Қалжыр» жолының 28-31 шақырымындағы су өткізгіш құбырларды қардан тазартуда. Осы жұмыстарға екі техника мен 10 адам жұмылдырылған. Жұмысшылар үш күн бойы белгіленген су арықтарын қардан тазартып, көктемгі су тасқынының алдын алуға күш салуда, - деп хабарлады Күршім ауданы әкімдігінен.

Осындай жұмыстар «Күршім-Алғабас» жолындағы құбырларда да жүргізіліп жатыр. Құбырларды қардан тазарту жұмыстарын «Күршім» коммуналдық кәсіпорны атқаруда. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив